Created: 24 Ақпан 2021
366

Бос орындар

Ұлытау облысы білім басқармасының

«Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ

«№7 ЖББМ»  КММ

2022 жылдың 15-22 тамыз аралығында келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайтынын хабарлайды: (оқыту тілі – қазақ тілі)

  1. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ұлдар) – 1 орын
  2. Алғашқы әскери дайындық мұғалімі (АӘД) – 1 мұғалім (16 сағат)
  3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі (уақытша) - 2 мұғалім (2*16 сағат)
  4. Тарих пәні мұғалімі (уақытша) -1 мұғалім (16 сағат)
  5. Психолог – 1 педагог (1 ұтым)
  6. Дене шынықтыру пәні мұғалімі (уақытша) -1 мұғалім (16 сағат)
  7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша) – 1 мұғалім (16 сағат)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, біліктілік сәйкестігі, біліктілік санаты: педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер;

Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 15-22 тамыз күндері аралығында жүзеге асырылады.

Мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 20

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс нөмірі: 8(71063)  3-47-46     87059649600

 

 


Мекеме

Бос орын

Қарағанды облысы білім басқармасының      Сәтбаев қаласы білім бөлімінің   «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ

орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мекен-жайы: Тәуелсіздік 20

8(710) 63-347-46