19.10.2020 ж.
Рухани жаңғыру-адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі,жаңа өзгерісті қабылдай білуі.Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру дәлел.Осыған орай, облыстық"Өнегелі өмір" жобасы аясында "Анаға апарар жол" атты фильмінде ананың рөлін сомдаған Қазақстандық кино және театр актрисасы Нөгербек Алтынай Бауыржанқызымен кездесу-сұхбат ZOOM платформасы арқылы болды. Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды.Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу,бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды екенін суреттейтін қазақ студиясының ұйымдастыруымен түсірілген "Анаға апарар жол" атты кино. Қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру,жұт,репрессия,соғыс және соғыстан кейінгі жылдар суреттелген. Кино-картинасының негізгі сюжеті ана махаббаты. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкердің үйіне барар жолда кездескен ауыр қиыншылықтарды жеңіп шығатынын айтып,балалардың бойына анаға деген махаббатты,Отанға деген сүйіспеншілікті айтып жеткізді.Сұхбат барысында Алтынай Нөгербек өз туған жері Ұлытаудағы тарихи ескерткіштерді құрметтеу керек екенін айтты.Оқушылардың бойына ең басты шарт ұлттық кодын сақтау екенін әрдайым есте ұстау керек екені тілге тиек болды.Балалар сұхбат кезінде көптеген сұрақтар қойды.Әсіресе 9"А" сынып оқушысы Пернебеков Ахмет кинодағы басты кейіпкер Ілиястың бойындағы қасиет ерекшелігі қандай? деген сұрақ қойып,сол сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіді. Кездесу -сұхбат өте тәрбиелік мән берді.
https://satp-sch7.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/101-ana-a-aparar-zhol#sigFreeIdd14bd6e423