29.10.2020 жыл
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде бастау алған "Өнегелі өмір" жобасы аясында
Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
жанындағы "Ресурстық тіл орталығы" КММ бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жақанова Жұпар Рысқұлқызымен қашықтан оқу ережесін сақтай отырып, кездесу-сұхбат өтті. Кездесуді мектебіміздің тіл жанашыры Кузембаева Толкын Кабиевна қатысып, жүргізіп отырды. Бұл іс-шараның мақсаты: тыңдарманның бойына мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастардың бойында мемлекеттік тілге деген рухты ояту.
Сұхбат барысында Жұпар Рысқұлқызы мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы, мемлекеттік тілді насихаттауда атқарылып жатқан іс-шаралар жайында және латын қарпіндегі әліпбидің жаңа жобасы туралы ойларымен бөлісті. "Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс" - деп атап көрсетті кездесу қонағы өз сөзінде.
Онлайн сұхбатқа мектеп мұғалімдері мен мен білім алушылары, сонымен қатар, қала мектептеріндегі тіл мамандары да қатысты. Сұхбат барысында тыңдармандар көкейде жүрген көптеген сұрақтарға тұшымды жауап алды. Қазақ тілінің кемел келешегі үшін жұмыс атқарып жүрген тіл жанашыры, кездесу қонағы Жұпар Рысқұлқызына алғыстарын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі. Тілдің құндылығын сақтау – әр қазақтың борышы, міндеті. Сондықтан болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, жұмыстар атқару - біздің қолымызда.
https://satp-sch7.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/102-resursty-til-ortaly-y#sigFreeId4959e46735