Created: 11 Қараша 2020
69

«Дәстүр мен ғұрып»

11.11.2020 жыл.

Мектеп білімалушылары облыстық «Өнегелі өмір» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Дәстүр мен ғұрып» жобалары аясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, профессор, «Сағындырған әндер-ай», «Жан Анам», «Алтын домбыра», «Күміс көмей, жез таңдай» сынды авторлық бағдарламалардың авторы, "Майра" продюссерлік орталығының директоры, "Қазақтың дәстүрлі 1000 әнін" орындаушы Майра Ильясовамен онлайн кездесу-сұхбаттың куәсі болды. Майра Ильясовнаға сонымен бірге өзі туып өскен Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атағы берілген. Кездесу барысында Майра апайымыз Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаевтан, Қазақ ССРнің еңбек сіңірген артисі, профессор Рахилям Машурованың классын бітіргендігін, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновтан тәлім –тәрбие алғандығын, шәкірті екендігін мақтанышпен атап өтті. Кездесу барысын директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айнагүл Жақсыбайқызы Жекенова әншімен қазақтың қызына тән мінез- құлқы, ұл-қыз тәрбиесіне тән ұлағатты өнегесін, тағылымды ойларымен бөлісті. Кездесу соңында қазақтың «Қонақ кәде» салт-дәстүрі бойынша ән орындап беруін сұрап, Майра Илиясовамен бірге халық әні «Ахау -керім» әнін орындап берді. Кездесуге облыстың барлық мектептерінен 100 жуық тыңдаушы қатысты.