Created: 14 Желтоқсан 2020
76

«Ұлытау Көкбөрісі»

14.12.2020 жыл.

Eл Тәуелсіздігіне - 29 жыл.

Үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытаудың қойнауы тұнған шежіре. Сондықтан да бүгінгі кейіпкерімізбен кездесу-сұхбатты «Мәлім де, беймәлім Ұлытау» деп атадық. Қазақстаннның Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында жақында ғана Ұлытаудың тарихына тағы да бір алып ескерткіш пайда болды. Ұлт ұясы Ұлытауда бүкіл Түркі жұртының киесі саналатын Көкбөрі ескерткіші бой көтерді, ол Ұлытаудан 35 шақырым жерде, жолы бойындағы жолаушылар тыныстайтын «Күмісбұлақ» демалыс орны аумағында орнатылды. Жаңа нысан Ұлытауды халықаралық этнотуризм орталығына айналдыру бағытында қолға алынған жобалардың бірі. Идея авторы – Жезқазған педагогикалық институтының 1986 жылғы түлегі, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, мүсінші Амантай Қадимұлы Мендыгалиев және ұлы мүсінші Армат Амантайұлы Мендыгалиев.

«Ұлытау Көкбөрісі» атанған еңселі ескерткіштің биіктігі – 9,70 метр, оның ішінде мүсіннің биіктігі – 6 метр, ал тұғыры 3,70 метрді құрайды.

«Ұлытау Көкбөрісі» идеясы мүсіншіні студент кезінен мазалап, осыдан бір жыл уақыт бұрын мүсіннің эскизін жасауды қолға алған. Автордың айтуынша, бұл – әлемде осындай сипаттағы әрі осындай көлемдегі тұңғыш ескерткіш.

Тұңғыш Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты - өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш, Отан алдындағы борыш, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру.

"Тарихи-мәдени мұра» және «Жергілікті туризм» базалық жобасында Қазақстан әлемдік өркениет қазынасына енген бірегей мәдени құндылықтардың иегері болып табылады.

Бұл кездесуден мектеп оқушылары дала тағысы-көкбөрі бойындағы өжеттік пен тектілікті, қайсарлық пен батылдықты байқады.