Created: 24 Желтоқсан 2020
122

«Бауыржан Момышұлы»

24.12.2020 жыл.

24 желтоқсан Кеңес одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.

Осыған орай, Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері, режиссер Ақан Сатаевтың 2013 жылы түсірілген «Бауыржан Момышұлы» фильміндегі Бауыржан атамыздың ролін сомдаған Дайыров Еркебұлан Мұратұлымен кездесу-сұхбат өтті. Мектеп оқушылары кездесу барысында ержүректілікті, қайсарлықты дәріптеген актердің бойындағы патриоттық рухты сезініп, актердің сұхбат барысында айтқан өнегелі, тәрбие аларлық сөздерін көңілге тоқып, нағыз ер-азаматқа тән қасиеттерді байқады. Актерлік қабілетін көптеген ұлы тұлғалардың ролін сомдау арқылы шыңдаған Еркебұлан Мұратұлымен кездесу оқушыларымызға саналы тәрбие беруде ерекше орын алғаны сөзсіз.