Created: 25 Қантар 2021
114

«Үнем – қоғам қуаты»

25.01.2021 жыл.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық «Дәстүр мен ғұрып», «Үнем – қоғам қуаты», облыстық «Өнегелі өмір» жобалары барысында Ұлытаулық жерлесіміз, қазақстандық медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы - Төрегелді Шарманұлы Шармановпен кездесу-сұхбат өтті. Қазіргі елімізде болып жатқан эпидемия кезінде салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану жолдарын насихаттау, жасөспірімдерді патриотизм, отансүйгіштік рухында тәрбиелеуді нығайту, мамандық таңдауға баулу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатындағы кездесу барысында әлем таныған 90 жастағы Төрегелді атамыз жасөпірімдерге өз ойымен бөлісті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты», делінген. Біз Номад ұрпағы екенімізді мақтаныш етуіміз керек.

- Бүгінгі ұрпаққа жеті қазынаның бірі атқа мінудің денсаулыққа пайдасы қандай?, - Тәуелсіздігімізге 30 жылдығына қосқан үлесіңіз қандай?

- Жемқорлықты ұлттық қауіпсіздігімізге төнген жойқын қауіп деп қарауымыз керек пе?

- Еліміз бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Індет кезінде дұрыс тамақтану аса маңызды. Коронавирус инфекциясының алдын алу жөнінде қандай кеңес берер едіңіз? - деген сұрақтарға жауап беріп, мол өнегесімен бөлісті. Мектеп оқушылары алғыстарын білдіріп, бұл сыр-сұхбаттан үлкен тәлім - тәрбие, насихат алды