27.01.2021ж.
Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында математика саласында табысқа жеткен қызметкерлермен кездесті.
Математика пәнінің мұғалімдері Кенгирбаева А.У. және А.Ш.Хафизованың ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Аринов Еркін Бейсенбекович және физика-математика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі Жансейтова Жақсыгүл Карбозқызымен кездесу ұйымдастырылды. Мұнда «Сұрағым бар...» айдары бойынша 8-сынып оқушысы Жездібаев М:
- «Сіз өз мамандығыңызды қалай таңдадыңыз?»,
11-сынып оқушысы Тайжанов А: - «Қандай мамандықты маңызды деп санайсыз?»,
11-сынып оқушысы Әлімхан А: - «Қазіргі кезде қандай мамандықты таңдаған дұрыс?»,
10-сынып оқушысы Есмаганбетова Е: - «Алдағы мақсаттарыңыз қандай?» және тағы да басқа сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
10-11сыныптар арасында ЖОО-ларға онлайн негізінде экскурсияға шықтық. Саяхат жүргізген Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің шығармашылық білім беру бағдарламалары кафедра меңгерушісі, доктаранты Рауғаш Қанатбекқызы. Рауғаш Қанатбекқызы Ө.А.Байқоңыров Жезқазған университетінің тарихы, Байқоңыров Өмірхан Аймагамбетұлының өміржолы, жеткен жетістіктері, мұражайларына саяхат жасады. Мұражай ішіндегі ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұралар таныстырылды. Білім алушылардың кабинеттері, лабораториялық зерттеу, шығармашылық және салауатты өмір салтымен шұғылданатын орындарымен таныстырып өтті.
https://satp-sch7.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/109-negeli-mir#sigFreeId8b32c8e82f