28.01.2021жыл.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық «Оқуға құштар мектеп», облыстық «Бір отбасы - бір кітап», «Әжемнің ертегісі» және облыстық «Өнегелі өмір» жобалары аясында бүгін бізде қонақта балалардың бағбаны –«Балдырған» журналының бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Райымбек Ауданының құрметті азаматы, 20-дан астам медаль иегері Дүйсен Мүсірәліұлы Мағлұмов және "Ақжелкен" журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Асылан Тілегенмен кездесу сұхбат өтті. Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, ертегілер мен әдеби кітапқа құштарлығын ояту, болашақтағы мамандық таңдауға баулу мақсатында кездесу сұхбатымызда өрелі әңгіме өрбіді. Сәтбаев қаласындағы басқа да мектептердің кітапханашылары қатысып отырды. Мектеп кітапханашылары кітапхана қорымен виртуалды саяхат жасап, таныстырды. Қатысушыларға өзекті ұсыныстар мен кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы туралы, балалар шығармашылығының өсуіне бірден бір әдеби оқулық оқудың мәні жоғары екендігін айтып өтті. Болашақта жақсы байланыс орнату ортасы құрылды.
https://satp-sch7.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/111-zhemni-ertegisi#sigFreeId0c76ddcfc6