Created: 06 Наурыз 2021
501

Адалдық сағаты

1.09.2020 ж.

 «Әл Фараби және қайырымды қоғам»тақырыбындағы«Адалдық сағаты»

Биыл елімізде барша әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Ол өз шығармаларында, сонымен қатар «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой шерткен. Сондықтан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігімен ұйымдастырып отырған кезекті «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады. Басты мақсат – ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/1lhpzmXTPTA


29.09.2020 ж.

РЕНАТ БЕКТУРОВПЕН "АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"

СІЗ "ПАРАСАТТЫЛЫҚ" ҰҒЫМЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ?

- "АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТУ" НЕМЕСЕ "СӘТТІЛІК" СІЗГЕ ҚАЙСЫСЫ ЖАҚЫН?

- ЖАСТАР ҮШІН ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ НЕДЕ?

- СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША, ЗИЯТКЕР ҰЛТТЫҢ БОЙЫНДА ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕР БОЛУЫ КЕРЕК?

- БОС УАҚЫТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕСІЗ?

- ЕҢ СҮЙІКТІ ҮШ КІТАБЫҢЫЗ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРІҢІЗ. НЕЛІКТЕН ОЛАРДЫ ТАНДАДЫҢЫЗ? - СІЗДІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫҢЫЗ?

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/TL1hgqtGBLY


26.11.2020 ж.

«Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түрколог, ақын және аудармашы – бұл Ахмет Байтұрсынұлы.

Ол алдына қазақ балаларына білім беруге бар күшін салу ізгі мақсатын қояды.

«Басқадан кем болмау үшін, біз білімді және бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек», – деді ол.

Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты –өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу болды.

Өз еңбектерінде былай деген: «Жастар халықтың жақсы болашағының үміті. Жас ұрпақ жаңаша оқыған мұғалімнің қолында болуы керек, оларда тың ойлар мен білімдер бар».

А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керек деп орынды атап өтеді: «Басқалардан жаман болмас үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білім алу үшін – оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Күшті болу үшін – бірлік қажет».

Автордың мақалдар мен мәтелдері қазіргі таңда да көптің көңілінен шығып, ойландырады: «Тәкаппарлық, надандық – тығырыққа апаратын жол, даналық – шексіздікке».

Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында  жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.

Шын мәнінде, көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/nucWdy4gOsY


25.09.2020 ж.

"СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ" тақырыбында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты»
Адалдықтың құны әрқашан құнды келетіні ақиқат. Ата-бабамыздың жастайымыздан адал жіпті аттама, өзгеге қиянат жасама, адал ас ішіп, адал жүр деп тәрбиелеуінің де орны ерекше, себебі жастайынан берілген тәрбие есейген шағында жемісін беріп адалда, шыншыл азамат болып қалыптасуына бірден-бір кепіл болмақ. Осы орайда мектебіміздің оқушыларымен "СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ" тақырыбында жалпыреспубликалық адалдық сағаты өткізіліп арнайы бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянда Сәкен Сейфуллинның әділдік,адалдық, шындық қағидаларын баяндалды.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/-Ro7dcnm75U


16.02.2021 ж.

«Ы.Алтынсарин- ұлы дала ағартушысы» туралы «Адалдық сағаты»

Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.

Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.

Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.

Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.

Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.

«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.

Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.

Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.

Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.

Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=nucWdy4gOsY&t=1s

 


30.10.2020 ж.

АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.

Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.

А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.

Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

«Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.

Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=s9LHdfynaX0&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN


01.02.2021 ж.

Қалқаман Саринмен «Адалдық сағаты»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда.

Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, әрі ел ішінде танымал талай туындының авторы Қалқаман Сарин өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деген сөздерін келтірді.

Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады.

Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті. Бірінші кезекте ата-анасын мақтан тұтатындығын айта келе, «Анаңның жаққан ошақ отына жылынып, әкеңнің еккен еменінің көлеңкесінде өскен ұрпақ жаман болмайды» , – деді.

Парасатты қоғам құру үшін әрбір адам өзінің санасын жақсылыққа қарай өзгертіп, парасатты ұрпақ тәрбиелеп, заңды, ұлтмыздың дәстүрін сақтау керектігін айтып ойын түйіндеді

 «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – танымал тұлғалардың өмір және еңбек жолы арқылы өскелең ұрпақтың бойына парасаттылық құндылықтарын сіңіру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/AW8c7KyIXNk


17.10.2020 ж.

 «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы аясында "Бауыржан Момышұлы: Құрмет пен ерлік-батыр белгілері" тақырыбындағы онлайн адалдық сағатын Youtube арнасында мектеп оқушылары тамашалады.             Осыған орай, Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері,  режиссер Ақан Сатаевтың 2013 жылы түсірілген «Бауыржан Момышұлы» фильміндегі Бауыржан атамыздың ролін сомдаған Дайыров Еркебұлан Мұратұлымен кездесу-сұхбат өтті. Мектеп оқушылары кездесу барысында ержүректілікті, қайсарлықты дәріптеген актердің бойындағы патриоттық рухты сезініп, актердің сұхбат барысында айтқан өнегелі, тәрбие аларлық сөздерін көңілге тоқып, нағыз ер-азаматқа тән қасиеттерді байқады. Актерлік қабілетін көптеген ұлы тұлғалардың ролін сомдау арқылы шыңдаған Еркебұлан Мұратұлымен кездесу оқушыларымызға саналы тәрбие беруде ерекше орын алғаны сөзсіз.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/FR1fGhRoTnw

 


22.01.2021 ж.

 «Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» атты «Адалдық сағаты»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбындағы онлайн адалдық сағатын оқушыларымыз көріп, тыңдады. Көптеген тағылымдық мәлімет алды.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/-eWb35nQcrU


06.02.2021 ж.

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай  адалдық сағаты

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/haghXaHx3oc


27.11.2020 ж.

Бекарыс Шойбековпен «Адалдық сағаты»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі өз саласының көшбасшыларымен кезекті онлайн сағатын өткізді. Жас тұлғалар жас ғалым, ғылым докторы 9 патенттің иегері Евгений Золотухин және танымал журналист, Журналистер одағының мүшесі Мейіржан Әлібекұлымен өткен  "Адалдық сағатын" жүргізді.«Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» – деген сұраққа Қостанай облысының ірі өңірлік жоғары оқу орнының табысты оқытушысы, жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі отағасы Евгений Золотухин бес минуттық роликте жауап береді.

Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Wv0WA0pAoaU