Created: 05 Наурыз 2021
77

Көктемгі ҰБТ 10-наурызда басталады

uo_krg EDU NEWS:

Жоғарғы оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі боынша тіркелу қажет.

Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл-140.

"Көктемдегі ҰБТ 10 наурыздан басталып, 1 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеу электрондық форматта "бір тестіленуші-бір компьютер-бір камера" қағидасы бойынша өтеді. Сондай-ақ прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау орнатылады. Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру жүйесі-Face ID ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді,-деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

ҰБТ өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталатын болады.