09.04.2021 жылы Сәтбаев қаласы «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Инклюзивті білім беру» тәжірибелік алаңында қала мектептерінің арнайы мамандары мен педагогтарымен тәжірибе алмасу мақсатында «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарының ұйымдастырылуы» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша қала педагогтары мен арнайы мамандарға тәжірибе көрсету.Семинарда оқу ісі бойынша директор орынбасары Б.Н.Жумабаева инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы қажетті нормативтік құжаттар бойынша ақпараттар берді.Арнайы мамандар педагог логопед Шахаева М.Е., Орынбаева Д.Ы. ұсақ қол моторикасы бойынша әдістермен бөлісті. Тәжірибелік алаң үйлестірушісі Шуктаева Ш.А. ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың білім алуы бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Педагог психолог Нарбаева А.К., әлеуметтік педагог Джандетова А.Ж. ерекше білім алу қажеттілктері балалардың нормотипті балалармен тең дәрежеде бейімделуіне психологиялық қолдау жұмыстарын көрсетті. Биылғы оқу жылында тәжірибелік алаңда сенсорлық кабинет ашылып, жұмыс істеуде. Арнайы мамандар сенсорлық кабинеттегі «Құм терапиясы», «Субұршақ», «Бассейн», «Аквариум» терапиясын қолданып жұмыс жүргізудің әдістері көрсетілді.
Семинар соңында арнайы мамандар қойылған сұрақтарға жауап берді.