"Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар", облыстық "Өнегелі өмір" жобасы аясында бүгін мектебімізде қашықтықтан кездесу өтті. Кездесуге Қарқаралы қаласының тарихи-өлкетану мұражайының кіші ғылыми қызметкері Сламбеков Сәтбек Ғабиденұлы және осы мұражайдың экскурсоводы Серік Темірлан қатысты.
Кездесуді мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кузембаева Т.К.ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты: өскелең ұрпаққа халқымыздың өткен тарихына, ұлы тұлғалардың ел игілігі үшін жасаған ерліктеріне құрметпен қарауға үйрету, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік қасиеттерін ояту.
Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы салдырған мешітпен және Қарқаралы қаласының тарихымен Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Сламбеков Сәтбек Ғабиденұлы, Темірлан Серікұлы егжей-тегжей таныстырып өтті. Кездесу қонақтары қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың әкесі Құнанбай қажының салдырған мешітінің тарихын айтып, көрсетті. Қарқаралыда туған ұлы тарихи тұлғалар мен олардың қызметтері, мұражайдағы 7 залға қойылған жәдігерлер, олардың пайда болу тарихы және тарихқа тұнған өңір туралы көптеген мәліметтерді айтып, таныстырды. Қарқаралы топырағында туып-өскен ата-бабамыз, Орта жүздің биі - Қаздауысты Қазыбек биге, ұлы ақын Қасым Аманжоловқа, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке арналған, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр жерлестерге арналған арнайы мұражай бөлмелері жәдігерлермен өте жоғары деңгейде жабдықталғанын көріп, сүйіспеншілікпен тамашалады.