Created: 09 Маусым 2021
83

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

Ұлттық ақпараттық науқанды ақпараттық

қамтамасыз етудің 9 күні

«№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ Жастар ұйымдарын, ата – ана қауымдастығын тарта отырып, «Отбасында зорлық – зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шаралар жүргізілді.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты - өңірдегі жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы бағытта кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарының әкімшіліктерімен бірлескен шараларды ұдайы ұйымдастырады.  

Түсіндірме жұмыстарын жасау ушін мектеп инспекторымен рейд жүргізіліп, 14 жасқа толмаған балаларды жұмысқа тартуға болмайтындығын магазиндерді аралап және қазіргі уақытта жаз мезгілі болғандықтан оқушылар площадьта жеңіл – желпі жұмыстарға тартылып жүр, солардың барлығына ескерту айтылды және бұл түсініктеме жұмысы жалғасын табады.