11.10.2021 жыл.
«Шеберлер әлеміне саяхат» апталығының ашылуына арналған салтанатты жиын болып өтті.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. - деп ұлы Абай атамыз жырлағандай, «Шеберлер әлеміне саяхат» апталығының басты тақырыбы күз мезгіліне арналады. Мақсаты: көркем еңбекке, музыка әлеміне қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың эстетикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Музыка пәні мұғалімі Есбатырова Бибіхадиша Орынбасаровнаның жетекшілігімен «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дегендей, 7 "Б" сынып оқушылары Молдағали Арайлым, Аяулым, Айғаным Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқым» және «Жастар» күйі орындалды.Осы атаулы күндер барысында табиғаттың әдемі мезгіліне арналған интеллектуалды КВЕСТ ойындары, 8-сыныптарға плакаттар сайысы мен «Менің сүйікті қалам» атты фотокөрме байқауы, кітапханаға виртуалды саяхат, көкөністер мен жемістер көрмесі, әр түрлі жанрдағы шеберлік сыныптары асыға күтеді. Сонымен бірге «Ал, кәнеки қыздар», «Алға, қазақтың жігіттері» тақырыптарында музыкалық жарыстар, «Алтын күзге» арналған «Дефиле» атты қалдықтармен күзгі киім сайыстары өткізіледі. Әр сыныптарда «Күзгі бал» байқаулары ұйымдастырылады. «Жігітке жеті өнер де аз», «Сегіз қырлы бір сырлы», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Өнерлінің қолы алтын» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек-ті. Апталық барысында айтылған құнды пікірлер мен сайыс жеңімпаздары марапатталады.
