Created: 22 Қараша 2021
92

Бүкіл әлем сен үшін

Қарашаның 22-сі күні мектебімізде ерекше қабілетті балаларға арналған "Бүкіл әлем сен үшін" атты апталықтың ашылуы өтті.
Апталықтың 1-күні «Адамның құндылығы - оның қабілеті мен жетістігіне байланысты емес» тақырыбында оқушылармен энергизаторлар ретінде ойындар ойнатылды. Бұл ойындардың оқушылар үшін маңыздылығы:
- Жағымсыз эмоциядан арылу;
- Шаршағанды басу;
- Ашықтық атмосферасын қалыптастыру;
- Қолды жаттықтыру, бойды сергіту.
Тақпақ, би, тренинг жаттығулары, санамақ түрінде кездеседі. Динамикалық жаттығулар позитивті болуы қажет, яғни тек жақсы көңіл-күй беріп,
энергизаторлар барлық қатысушыларды қызықтыратындай, барлығы қатысатындай болуы керек. Жаттығулар қысқа 3-5 минуттай болғаны жөн. Сондықтан оқушылар тақпақтар айтып, би биледі. Сынып жетекшілерімен қосыла ән айттып, топ болып ойын ойнады. Апталықтағы іс-шаралар апта соңында қорытындыланып, белсенді сыныптар марапатталады.