Сәтбаев қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігіне - 30 жыл толуына орай оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында дәстүрлі "Мен - патриотпын!" үгіт-насихат топтарының қалалық сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІI орынды иеленді. Оқушыларымызды осы жеңісімен құттықтаймыз!!! Құрметпен, Сәтбаев қаласының "№7 ЖОББМ" КММ