Created: 12 Желтоқсан 2023
85

Ауа райы

 «Келісемін»

Ұлытау облысының төтенше

жағдайлар департаменті

басшысының м.а. АҚ полковнигі

__________________Самиев.Ч.Ш

«_____»___________2023 жыл

«Бекітемін» 

Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы

________________С.Тулекова

«____»____________2023 жыл

 

 

Білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа-райы жағдайында сабақтарды тоқтату туралы ұсыныстар

  1. Жалпы ережелер
    • Бұл ұсыныстар оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығы жағдайында сабақ тоқтатылған кезде білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (ары қарай- білім беру ұйымдары) қызметін реттеуге бағытталған.
    • Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 547 "Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы, Ұлытау облысы әкімінің 2022 жыл 21 қазан № 46-ө «Жоғары әзірлік режимін енгізу және 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардан Ұлытау облысының тұрғындарын қорғауды ұйымдастыру туралы» өкімі негізінде әзірленді.
    • Ұсыныстар оқушылардың білім беру бағдарламаларын толық меңгеруін қамтамасыз ету, сабақтар тоқтатылған күндері білім беру ұйымының қызметіне бірыңғай көзқарастарды белгілеу мақсатында әзірленген.
  2. Жалпы білім беру ұйымындағы сабақтарды тоқтату және оқу процесін ұйымдастыру тәртібі.
    • Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін:
    • сыныптарда:
  • -25 С градус аяз және желдің жылдамдығы 2 м/с асқан жағдайда;
  • жылдамдығы 17 м/с және одан да күшті желді боран болған жағдайда;
  • оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген қатты көктайғақ кезінде;

5-9 сыныптарда:

  • -30 С градустық аяз кезінде және желдің жылдамдығы 2 м/с асқан жағдайда;
  • жылдамдығы 17 м/с және одан да күшті желді боран болған жағдайда;
  • оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген қатты көктайғақ кезінде;

10-11 сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс студенттері үшін):

  • -35С градусқа дейін күшейгенде, желдің жылдамдығы 2 м/с асқан жағдайда;
  • жылдамдығы 25 м/с немесе одан да көп желді боран болған жағдайда;
  • оқушылардың, студенттердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген қатты көктайғақ кезінде.
    • Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа:
  • қалаларда телевидениедегі жүгіртпе жол түрінде;
  • қалалар мен аудандарда радио арқылы;
  • әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;
  • әкімдіктердің диспетчерлік қызметі;
  • әлеуметтік желілерде хабарлайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

  • сағат 06.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым.
    • Білім беру ұйымдарында сабақтар сабақтың тоқтатылуын жариялау үшін қолайсыз ауа райы метеожағдайларының бекітілген ұсынылған көрсеткіштері негізінде жүргізіледі және білім беру ұйымы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және тиісті мемлекеттік білім беруді басқару органының назарына бірінші ауысым үшін сағат 06.00-ден 7.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысымдар үшін сағат 10.30-дан 12-ге дейін жеткізіледі.
    • Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтықтан оқыту облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.
    • Ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.
    • Сабақтарды тоқтату туралы бұйрық бекітілгеннен кейін бірден білім беру ұйымының ресми сайтында және ақпараттық стендтерде орналастыру керек.
    • Интернаттық білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақты тоқтату білім алушылардың тұрғылықты жағдайы ескеріле отырып жүргізіледі.
    • Ауа райы жағдайы туралы ақпаратты «Қазгидромет» РМК филиалының ресми мәліметтерінен алу ұсынылады.
    • Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының қызметі бекітілген жұмыс режиміне, педагогтердің қызметі белгіленген оқу жүктемесіне, сабақ кестесіне, басқа қызметкерлердің қызметі жұмыс уақытының режиміне, ауысым кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
    • Сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылар үшін сабақтың барлық түрлері (оқу, қосымша, үйірмелік, ұзартылған күн топтарының жұмысы), ыстық тамақпен қамтамасыз ету бірінші басшы бекіткен және құрылтайшы келіскен сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі.
  1. Жалпы білім беретін мекеме әкімшілігінің функциялары
    • Білім беру ұйымының директоры:
      • Оқу процесінің барлық қатысушыларын құжаттарымен таныстырады және сабақты тоқтату күндері білім беру ұйымының жұмысын реттейді;
      • Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымы қызметкерлерінің жұмыс тәртібін бақылауды жүзеге асырады, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастырады;
      • Білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеруіне бағытталған іс-шаралардың орындалуын қадағалайды;
      • Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымы жұмысының сапасын жақсарту үшін басқару шешімдерін қабылдайды.
  1. Сабақ тоқтатылған күндері мектептердегі педагогтердің функциясы
    • Сынып жетекшісі, куратор:
      • Сабақтың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты білім алушылар мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) назарына жеткізеді;
      • Сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылардың есебін қатаң жүргізеді, білім беру ұйымының басшысына білім алушылардың саны туралы баяндайды, сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының педагогикалық және басқа қызметкерлерінің білім алушыларды үйге қайтаруына жол бермеуін бақылауды жүзеге асырады;
      • Сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етеді;
      • Оқушылардың күнделіктерінде, сайтта сабақ тоқтатылатын күндерді белгілеу үшін ауа райы жағдайын анықтау кестесі, сабақты тоқтату күндерін хабарлау уақыты және хабарландыру беретін бұқаралық ақпарат құралдары телефондарының нөмірлері туралы мәліметті орналастырады;
      • Ата-аналарды (заңды өкілдерді) олардың балаларының сабақ тоқтатылған күндердегі, оның ішінде білім алушылардың қашықтықтан оқыту нысандарын қолдану және өзіндік жұмыс жағдайындағы оқу әрекетінің қорытындысы туралы хабардар етеді.
  1. Сабақ тоқтатылған күндері білім алушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қызметі
    • Сабақ тоқтатылған күндері балаларының білім беру ұйымына бармауы туралы шешімді өздігінен қабылдайды;
    • Білім беру ұйымының сабақ тоқтатылған күндердегі жұмыс кестесімен танысады;
    • Сабақ тоқтатылған күндері баласының білім беру ұйымына баруы туралы шешім қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымына баруы мен қайтуы жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.