Created: 19 Қантар 2021
1176

Облыстық «Өнегелі өмір» жобаcы

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы

 «№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

  

 

Облыстық

«Өнегелі өмір»

жобаcы

(табысты адамдармен кездесу)

2020-2021  оқу жылы

                            

Жобаның атауы

«Өнегелі өмір»

Даму үшін негіз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Дамытушылар

 5-11 сынып сыныптар, мұғалімдер, ата-аналар, табысты адамдар

Координатор және жоба жетекшілері

Сәтбаев қалалық білім бөлімі, ТЖО

Жоба мақсаты

Жастардың өмірдің әртүрлі салаларындағы табысты адамдармен қарым-қатынас жасауына арналған коммуникативті алаң құру. Оқушы тұлғасын рухани-адамгершілік қасиеттерін жетістікке жеткен адамдар мысалында қалыптастыру.

Еліміздің мәдениеті мен тәрбиесіне қалтқысыз еңбек етіп жүрген  құрметті азаматтардың өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, дәріптеу.

Міндеті

1.Ұлы тұлғаның өмірін, еңбек жолын, ғылыми еңбектерін зерттей отырып жас ұрпаққа таныстыру;

2.Тарихи –танымдық ізденіске, зерттеушілікке баулу, ғылымға құштарлығын ояту;

3.Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

1.Белсенді азаматтық ұстаным және патриоттық сана сезімді адами тұлға қалыптасады;

2.Дара тұлға жайлы деректермен таныса отырып, жан-жақты талдап әр оқушыда қаламыздың құрметті азаматына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

3.Қаламыздың дамуына үлес қосқан, өз елі үшін аянбай еңбек етіп із қалдырған тұлғаның өмірі мен шығармашылығын таныстыру арқылы оқушылардың бойында өз еліне, қаласына деген құрмет сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Жоба мерзімі

2020-2023 жж

 

Жобаны іске асыру алгоритмі

 - іс-шаралар жоспарын құра отырып, жобаны іске асыру үшін жұмыс тобын ұйымдастыру;
 - мүмкін болса, қалаған қонақты таңдап, кездесу орны мен күнін алдын-ала жоспарлау қажет;
 - сапалы дайындықты, қажетті интерактивті құралдарды дайындауды қамтамасыз ету;  

Табысты кейіпкерлермен кездесудің алдында білім алушылар негізгі қатысушыға 100 сұрақ дайындауы керек;

Мектеп әкімшілігі дайындалған сұрақтардың сапасы мен мазмұнына назар аударуы қажет;

Өткізілген кездесулердің нәтижелері үнемі мектеп сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялануы керек.

           

                            «Бекітемін»

«№7 жалпы орта білім беретін

 мектебінің» директорының м.а:

---------- А.Т.Агедилова

2020 жыл

      Облыстық «Өнегелі өмір» инновациялық жобасының бойынша

жүргізілетін жұмыс жоспары 2020-2021 жыл

                                             

Өткізілетін іс-шара

Уақыты

Жауапты

1

Жобаның мақсат міндеттерімен, жоспарымен сынып жетекшілерді таныстыру

Қазан, 2020

МДТЖО

2

«Әлем болашағы –халықтардың достығында» Сәтбаев қаласының дін орталығының басшысы Ж.Аманжолұлы, теолог М.Б.Есмурзинмен онлайн кездесу-сұхбат

Қазан, 2020

Кузембаева Т.

7-8 сынып оқушылары

3

«Анаға апарар жол» фильміндегі Ана рөлінің кейіпкері Алтынай Бауыржанқызы Нөгербековамен онлайн кездесу сұхбат

Қазан, 2020

МДТЖО

7-11 сынып оқушылары

4

«Көпті білгеннен сұрама, көпті көргеннен сұра» қала тұрғыны, аяулы ана Айтжан Еңсебаевамен кездесу

Қазан, 2020

«Жігер» еріктілер тобы

6

«Тіл мәртебесі» Қарағанды тілдер басқармасы жөніндегі ресурстық орталығының  меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызымен онлайн кездесу

Қараша, 2020

Кузембаева Т.

5-11 сынып оқушылары

7

Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, профессор, "Майра" продюссерлік орталығының директоры, "Қазақтың дәстүрлі 1000 әнін" орындаушы Майра Илиясқызымен онлайн кездесу-сұхбат

Қараша,2020

МДТЖО

7-11 сынып оқушылары

8

Сәтбаев қаласының І пранклер, мектеп түлегі Үкібаев Тәліппен онлайн кездесу-сұхбат

Желтоқсан,

2020

Былал Г.А.

11 оқушылар

9

Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, мүсінші Ұлытаудағы көкбөрі ескерткішінің авторы Амантай Қадимұлы Мендыгалиевпен кездесу  

Желтоқсан,

2020

МДТЖО

7-11 сынып оқушылары

10

Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты, 2015 жылғы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері. ҚР Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері -Еркебұлан Мұратұлы Дайыровпен кездесу-сұхбат

24.12.20ж

МДТЖО

7-11 сынып оқушылары

11

Танымал боксшы, халықаралық спорт шебері, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, Қазақстанның спорт шебері, «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры, Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті Ермахан Сағиұлы Ыбрайымовпен кездесу-сұхбат

6.01.21ж

МДТЖО

2-11 сынып оқушылары

12

Ақынжурналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Молдашұлы Ермановпен кездесу-сұхбат

11.01.21 ж

МДТЖО

5-11 сынып оқушылары

13

«Желтоқсан желі ызғарлы» желтоқсан қатысушысымен кездесу-сұхбат

Қаңтар, 2020

МДТЖО

5-11 сынып оқушылары

14

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Қаңтар, 2020

МДТЖО

5-11 сынып оқушылары

15

«Асыл қария – ағып жатқан дария» ардақты анамен кездесу

Ақпан, 2020

МДТЖО

 оқушылар

16

«Мамандықтың бәрі жақсы!» тақырыбында әртүрлі мамандармен дөңгелек үстел өткізу.

Наурыз, 2020

МДТЖО

оқушылар

17

 

Сәуір, 2020

МДТЖО

оқушылар

18

«Өнегелі өмір» жобасы қорытындысы

Мамыр, 2020

МДТЖО, оқушылар

 

                                                                                МДТЖО:       Турысбекова Б.С.