Created: 19 Қантар 2021
5357

2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының кешенді жылдық жоспары

                                                                                                        «Бекітемін»

                                                                                                        «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

                                                                                                         директорының м.а: ---------------- А.Т.Агедилова

  «____»________ 2020 ж

 

 

«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

2020-2021 оқу жылына арналған

тәрбие жұмысының кешенді жылдық

жоспары

 

Сатбаев қаласы

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты:

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың санасын рухани жаңғырту.

 

Міндеттері:

  1. ҚР –ның Презеденті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші бағдарламаларын басшылыққа алу;
  2. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  3. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның

қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  1. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  2. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  3. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсібиқалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
  4. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
  5. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  6. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 Нәтижесінде:

 Жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050»Стратегиясының басты мақсаты- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам тәрбиелеу.

             Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

Мақсаты:  Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

1-қыркүйек –Білім күні.

«Конституция – біздің болашағымыз» , «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!», «Мамандықты таңдау-ертеңді ойлау»

Бірыңғай сынып сағаттары

қыркүйек

МДТЖО

1-11 сынып жетекшілері

 

2

ҚР Конституциясына 25 жыл:

1.«ҚР-ның Конституциясындағы Ата Заңын құрметтеймін»

2.«Елімнің Конституциясы»

3.Мектеп оқушыларының арасында

т.б.әндерін орындау

 4.«Ата Заң – елдігімнің еңсесі» бейне-викторина

Танымдық сабақ, тәрбие сағаттары, Бейнероликтер, презентациялар көрсету, челлендж

24- 31 тамыз

 

Ұжым

1-11 сынып жетекшілері

 

кітапханашы

3

«Менің қалама - 47 жыл» :

1.«Туған жердің киелi жерлерiнiң географиясы» жобасы

2.«Қала  кереметтері»

3.«Ажары айшықты гүл қалам» «Мен туған қаламмен мақтанамын»

4.«Сатпаев қаласы: кеше, бүгін, ертең» 

5.«Сәтбаев қаласы туралы оқулықтар маңыздылығы»

Кітап, қол өнері көрмелері

 

челленджі

7-13

қыркүйек

 

МДТЖО

1-11 сынып жетекшілері

 

4

Мектеп тәлімгерлері және «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның белсенділері арасында «Патриоттық тәрбие-бәсекеге қабілетті ұлт факторы»

семинар-тренинг

Қазан

 

қаңтар

тәлімгер

5

Жолда жүру ережелерін сақтау бойынша

«Абайлаңыз, балалар!»,«Қауіпсіз жол»

акция

Жыл бойы

МДТЖО

 

6

1-желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне: "Менің Тұңғыш Президентім», «Мәңгілік ел»

Тарихи-танымдық

сағаттары

30-қараша

МДТЖО

Сынып жетекшілер

7

ҚР –ның Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай  іс-шаралар

Апталық

Желтоқсан

МДТЖО

8

«Мен-патриотпын» үгіт насихат тобы

Байқау

желтоқсан

тәлімгер

9

Білім беру мекемелерінде сенім қызметтері жұмысын ұйымдастыру (балаларды қоғамдық қабылдауы, сенім жәшігі мен поштасы)

Сенім жәшігі жұмысы

Жыл бойы

МДТЖО

 

10

ҚР мемлекеттік Рәміздерін қолдану мен насихаттау

іс-шаралар

Қаңтар

МДТЖО

 

11

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы

акция

Қаңтар

МДТЖО

 

12

1.ІІБ ЮП, қалалық прокуратура, әділет басқармасы өкілдерімен кездесу ұйымдастыру

2. «Толеранттылық – достық пен бірлесудің басты жолы» тақырыбында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағытында жұмыс

кездесу

 

МДТЖО

 

13

«Интернационалист- жауынгерлердің ерлігі мәңгі есте» Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыгарылган күніне арналған

«Ерлік сабақтарын» ұйымдастыру

Кездесу, ескерткіштеріне тағзым

Ақпан

АӘД пәні мұғалімі

14

 «Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс»

 Жеңіс күніне арналған іс -шаралар

Апталық

Мамыр

1-11 сынып жетекшілер

15

31-мамыр –Қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар

Ескерткішке тағзым

маусым

Мектеп ұжымы

16

«Бала еңбегінің ауыр түріне «ЖОҚ!» деңіз!» атты іс-шаралар

Акция

1-12 маусым

Жазғы лагерь басшысы

17

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие бағыты б-ша жасалған жұмыстарды қорытындылау

Ақпарлама

Мамыр

МДТЖО

 

 

Күтілетін нәтиже: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті, патриотты азамат болуға тәрбиеленеді. . Оқушылар дың құқытық санасын оятып, құқықбұзушыларға  қарсы тұруға деген дайындығы қалыптасады. Әулеметтік құндылықтарға  құрметпен , мақтаныш сезімдері оянып,  жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

 

Рухани-адамгершілік тәрбие                                                                                                                                                                                                                                                

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

 

1

«Мектепке жол» акциясы, аз қамтылған отбасы балаларына көмек (ақпарлама)

 

қайырымды

лық акциясы

қыркүйек

Әлеуметтік педагог

2

«Туған жер» бағдарламасы аясында оқушылар арасында туған  өлкеміздің мәдени -тарихи құндылықтарын зерттеу және насихаттау мақсатында Ұлытау аймағында орналасқан  Алаша хан, Жошы хан кесенелеріне, Жезді кентіндегі және  Жезқазған қаласынының мұражайларына онлайн-экскурсия ұйымдастыру

Онлайн экскурсиялық саяхат

Жыл бойы

МДТЖО

1-11 сынып жетекшілері

3

1 қазан - Қарттар күні

 "Қарттарым -асыл қазынам"

Қайырымдылық акциясы

Қазан

Тәлімгер

«Жігер» еріктілер тобы

4

1.18-қазан – Рухани келісім күні. «Рухани келісім күні — бірлік пен тұрақтылық кепілі» 

2.«Жомарт жүрек» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық тренинг

Сынып сағаттары

Қазан

1-11 сынып жетекшілері

 

Педагог психолог

5

1."Ұстазым - ұлық бәрінен "

2. «Еңбек  күніне» арналған іс-шара

 

Апталық

Қазан

1-11 сынып жетекшісі

6

«Ұлы даланың Ұлы өркениеттері», «Алтын Адам»

 

қолөнер көрмесі

уақытында

Технология пәні мұғалімдері

7

1-наурыз – «Алғыс айту күні».

«Құрметтеймін қартымды»

акция

Акция

наурыз

Сынып жетекшілер

8

«Ана туралы жыр»

Мәнерлеп оқу, әндер жинағы

наурыз

Сынып жетекшілер

9

«Әлемге қуаныш сыйла»,

 «Мир глазами детей»

психологиялық акция

Желтоқсан

Сәуір

Педагог-психолог

10

Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша жасалынған жұмыстарды қорытындылау

ақпарлама

мамыр

МДТЖО

 

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында   үлкенді сыйлауға, құрметтеуге , кішіге  ізет көрсетуге , адамгершілік  қасиеттері  оянады. Рухани байлықтары кеңейеді. Өзінің арына, парызына ой мен сөз бірлігіне , өз мінез-құлқын жетілдіруге,   адамдарға риясыз қызмет етуге , өз ата-анасын, Отанын  құрметтеуге  үйренеді.

Ұлттық тәрбие

 

Мақсаты:

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні  «Тілім менің- тірлігімнің тірегі»

Танымдық сағаттары

Қыркүйек

МДТЖО

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

2

«Тілім барда айтылар сөз ойдағы» атты тіл мерекесіне арналған іс-шаралар

Апталық

Қыркүйек

МДТЖО

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

3

Қыздармен жұмыс:

«Қыз жібек», «Қыз қылығымен көрікті», «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі»

 

кездесулер

Жыл бойы

МДТЖО

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

4

«Ақберен »,  «Абай оқулары» байқауларында қыз бейнесін дәріптеу

Мәнерлеп оқу байқауы

Наурыз

 

Сәуір

МДТЖО

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

5

«Ана –ұлт тәрбиешісі»

Аналарга арналған мерекелік кеш

Наурыз

МДТЖО

сынып жетекшілері

6

Наурыз – көктем мейрамы. Қазақстан халықтарының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатындағы ісшаралар«Наурыз келді, құт болып» ұлттық киімдер, ұлттық бұйымдар байқауы

Түрлі байқау, жарыстар

наурыз

Сынып жетекшілер

7

"Армысың, Әз Наурыз!"

Наурыз мерекесіне арналған апталық

қараша

МДТЖО

Сынып жетекшілер

8

«Салт-дәстүрлер керуені» 

сәндік қолданбалы өнер түрлерінен шеберлік сынып

Наурыз

Технология пәні мұғалімдері

9

Қазақстан халықтарының  бірлігі күніне арналған

"Ынтымағы жарасқан" іс-шара

өзге ұлт өкілдерімен  

кездесу сұхбат

Мамыр

МДТЖО

Тәлімер

10

Ұлттық тәрбие бағытында жасалынған жұмыстарды қорытындылау

 

ақпарлама

мамыр

МДТЖО

 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар этникалық өзіндік санаға, мемелкеттік тілді және ана тілін  құрметтеуге, өз халқының мәдени мұрасын,  қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын , Қазақстаннның этномәдениетін ,  этносаралық бейбітшілік пен келісімге  мақтан етуге, құрметтеуге тәрбиеленеді.                                                                                                   

                                  

 Отбасы тәрбиесі

 

Мақсаты:

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

1.Ата-аналар комитетінің, ата-ана үштігі және қамқоршылық кеңес мүшелерін қайта сайлау;

2.  «Әке», «Ана» мектебінің жұмыс жоспарын жасау

Ұйымдастыру жұмыстары

Қыркүйек

МДТЖО

Кеңес мүшелері

2

«Отбасы  құндылықтары» Қазақстандық отбасы күніне арналған ісшаралар. «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында сынып сағаттары

ата-анаға психологиялық көмек

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

3

«Отбасы сағаты»

Жиналыстарына атсалысу

Апта сайын

МДТЖО

Сынып жетекшілер

Ата-аналар

4

Отбасы күні

«Отбасы –бақыт мекені» :

1."Мен және менің отбасым"

2. «Өз балаңа үлгі бол»

 ата-аналармен онлайн психологиялық тренинг

қыркүйек

МДТЖО

Педагог психолог

Сынып жетекшілер

5

«Мектептегі Қамқоршылық кеңесінің жұмысы»

семинар, тренинг

Жыл бойы

МДТЖО

Педагог психолог

6

1.«Толағай» отбасылық сайыс

2.«Әке, шешем және мен»

отбасылық сайыс

Қазан

Қараша

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

7

Халықаралық отбасы күні

«Мерейлі отбасы»

Кездесу -сұхбат

сәуір

Мектеп әкімшілігі

8

1."Отбасы -тәрбие мектебі"

2. «Өз өміріне әдейі  қиянат жасаудың алдын алу» тақырыбында тренинг

Ата-аналар жиналысында

Қаңтар

МДТЖО

Мектеп әкімшілігі

Сынып жетекшілер

9

«Ата-анамның жұмыс орнына 1 күн»

экскурсия

наурыз

Тәлімгер

Сынып жетекшілер

10

Отбасы тәрбиесі бағыты б-ша жасалынған жұмыстарды қорытындылау

ақпарат

Мамыр

МДТЖО

 

 

Күтілетін нәтиже: 

Оқушылар  отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта екенін,  отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы екенін,  отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысатынын, мінез-құлық нормаларын игеретінін біледі. Өнегелі отбасылармен кездестіргенде өздері де болашақ ана мен әке болғанда  үлкен өнегелі азамат пен азаматша  болуға өздерін қалыптастырады. Ата-аналар мектепте біріккен  кездесулерде , дөңгелек үстелдерде, тренингтерде  балаларының әрбір қасиетіне көңіл бөліп, балаларының дарындылықтарын дамытуға, жауапты  бала тәрбиелеуге, неке құндылықтарына құрметпен қарауға құнды деректер алады. 

               Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

 

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

 «Жас Ұлан» ББЖҰ, «Өзін өзі басқару» ұйымының жұмысын жандандыру;

Ұйымдастыру

Үнемі

МДТЖО

Тәлімгер

2

1.«Біз жолдардағы қаіпсіздікті қолдаймыз» 1-сыныптарды жже таныстыру;

2. «Қауіпсіз мектеп» акциясы;

3. «Өрт –тілсіз жау»

Акция, түсіндірме жұмыстары

Қыркүйек

Мектеп инспекторы

Тәлімгер

3

Сенбіліктерге қатысу, мектеп алаңдарын абаттандыру, «Біз таза қала үшін!» акция- челенджге қатысу,

1. «Таза аула»

2. «Таза мектеп» акциясы

3. "Аяласаң табиғатты аяла!"

Тазалық жұмыстары

мектеп ауласына тазалық жұм.

полггинг

Қыркүйек

Сынып  жетекшілері

4

«Электр энергиясы- болашақтың қуаты»

сурет, шығарма сайыстары

Қаңтар

Сынып жетекшілер

5

1.«Ғажайып қалдықтар» табиғи таза материалдардан жасалған бұйымдар көрмесі;

«Қоқыс –бұл ресурс»-жобалар

Көрме

Наурыз

Көркем еңбек пәні мұғалімдері

6

1. «Мамандықтар әлемінде»

2.«Бір күндік практика» жобасы

Бейнеролик, шығарма, КВН, байқауы

уақытында

МДТЖО

ттәлімгер

7

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты б-ша жасалынған жұмыстарды қорытындылау

 

ақпарлама

мамыр

МДТЖО

 

Күтілетін нәтиже: 

Оқушылар экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әртүрлі қызметке, позитивті көзқарас қалыптастыруға , экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға, еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге үйренеді.

 

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

 

Мақсаты:

тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

1.«Рухани жаңғыру: Елорданың еңселі белестері»

2.«Ұлтымыздың ұлылығы –рухани мықтылығы»

3.«Рухани жаңғыру: Бір жол, бір белес...»

Танымдық сабақтар

Қыркүйек

Сынып жетекшілер

2

5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні 

«Бір шаңырақ астында»

Танымдық сайыс

қыркүйек

МДТЖО

Сынып жетекшілер

3

«Әйел-Ана, әйел-ару, әйел-гүл» 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты ісшаралар

Мерекелік концерт

Наурыз

МДТЖО

Сынып жетекшілер

4

«Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем!»

Ұлттық мерекелік бағдарлама

Наурыз

МДТЖО

Сынып жетекшілер

5

«1 мамыр -Ынтымақтастық және бірлік күні»

 

Мамыр

МДТЖО

Сынып жетекшілер

6

"Алтын күз "

Күз мерекесі іс-шаралары

Қазан

1-11 сынып жетекшілері

7

«1 мамыр -Ынтымақтастық және бірлік күні»

Мерекелік іс шара

Мамыр

Мектеп әкімшілігі

1-11 сынып жетекшілері

8

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты б-ша жұмыстарды қорытындылау

 

Ақпарлама

мамыр

МДТЖО

 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар толеранттық және ғаламдық пікірмен санасуға,  көпмәдениеттілік және көптілділікті үйренуге,  мемлекеттік тілді,  орыс, ағылшын және өзге тілдерді білуге, мәдениетаралық әрекетке, қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына, қарым-қатынас мәдениетіне,  эстетикалық мұраттарға, көркем өнер құндылықтарына,  шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық ұмтылыстарын  танытады. Сөздік қорлары молайады. Өзін-өзі дамытуға,ізденуге, шығармашылықпен айналысуға,қалыптаст ыруға дамытады.

               

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

 

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

"Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла" Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Мәнерлеп оқу байқауы

қыркүйек

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

2

Жаратылыстану бағыты бойынша үйірмелер жұмысын ұйымдастыру

Ұйымдастыру

қыркүйек

Үйірме жетекшілері

3

Мамандық таңдау уақыты

"Білімді мыңды жығар"

Сайыс

 

Қазан

Тәлімгер

 

4

Дебаттық ойындар «Бүгінгі заманның құндылығы неде?»

сайыс

Ақпан

Тарих пәні мұғалімі

5

«Ұлы даланың  жеті қыры» мақала аясында әдеби танымдық кітап көрмесі, «Кітап-тарих,шежіре» кітапхана жұмысын ұйымдастыру

көрме

Жыл бойы

Кітапханашы

6

Білім беру мекемелерінде «Мен-жалынды жас ұрпақ» -

Президентке хат

қараша

сыныптар

жетекшілері

7

Өлкетану «Жас зерттеуші», « Жас ізденуші» ғылыми жұмыстар

Ғылыми жоба

Жыл бойы

сыныптар

жетекшілері

8

«Тұғыры биік тұлға» Қ.Сәтбаев туралы

Тарихи конференция

Қараша

Тарих пәні мұғалімі

Кітапханашы

9

«Бір отбасы-1 кітап» жобасы

«Жаңа 100 кітап»

акциясы

Сәуір

Тәлімгер

1-11 сыныптар

жетекшілері

10

«Жас жол инспекторлары»

Байқауы

Мамыр

Тәлімгер

11

9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу

Танымдык сағат

Жыл бойы

Жауапты мамандар

12

«Сыңғырла, сонғы коңырау» 

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын

25 мамыр

Мектеп әкімшілігі

МДТЖО

13

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі б-ша жұмыстарды қорытындылау

Ақпарлама

Мамыр

МДТЖО

 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар  өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалануға, сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалануға, зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне,  пікірталас жүргізу дағдылары, жасампаз қызметке,  топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға, ақпарат көздерін сыни іріктеуге,Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне, Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіруге,  Интернеттік-сауаттылықтарын қалыптастыруға,  ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға, жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылуға және қызығушылық білдіруге тәрбиеленеді.

                                                                                                                                                                                       

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

 

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

Іс-шара мазмұны

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

1.«Мен, сен, ол – салауатты елміз» сынып сағаттарын  ұйымдастыру

Жаттығу,

Көңілді мәре сайысы

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

2

1.«Наркопост» ережесінің жоспары бойынша іс-шаралар;

2. «Нашақорлыққа жол жоқ!»

Ережесі, мүшелерін сайлау

Қыркүйек

МДТЖО

 

3

1.«Салауатты өмір салты» КТК

2. «Ертеңіңді ойласаң,есірткіге жолама!» бейнеролик, шығарма байқауы

 Байқау, жарыс, сайыс

Қазан

Үйірме жетекшілері

4

1.1-желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні"

(ХХІ ғасыр проблемалары, АҚТК/ЖҚТБ);

2. 24-сәуір –Бүкіләлемдік туберкулезбен күресу күні

СӨС

(ЗОЖ) мамандарымен кездесу

желтоқсан

 

 

сәуір

Спорт секциясы жетекшілері

5

 

1.«Салауатты өмір салтын қолдаймыз!»

2. «Көңілді эстафета»

3. «Зиянды заттардан сақтан»

асфальтта сурет салу;

Спорттық ойындар

мамыр

Тәлімгер

Дене шынықтыру пәнІ мұғалімдері

6

«Қауіпсіз жаз» Жаз айларындағы қауіпсіздік ережелері. Бос уақытты ұйымдастыру

 

 

 

7

26 маусым -Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күніне спорттық сайыстар

 

маусым

 

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты б-ша жасалынған жұмыстардың қорытындысы

Ақпарлама

Мамыр

МДТЖО

 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар денсаулық жағдайының скринингін анықтауға, әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге жетуге, теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге, табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға, денсаулық сақтауға және нығайтуға, өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылықпен қарауға, қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етудің жолдарын табуға, денсаулық сақтау ортасын құруға қалыптасады. Өздеріне денсаулық керек екенін, денсаулыққа әсер тигізетін жат заттардан сақтану керек екенін   ұғынады.