Created: 25 Қантар 2021
370

1-4-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады

Түсінік хат

2020-2021 оқу жылында

1-4-сыныптарда  білім  беру  процесі  келесі  құжаттар  негізінде  жүзеге асырылады:

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  Мемлекеттік жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  беру  деңгейінің  стандарты,  2018  жылғы  31қазандағы  №  604  бұйрығымен  бекітілген  (2020  жылғы  5  мамырдағы  №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы  №  500  бұйрығымен  бекітілген  Бастауыш  білім  берудің  үлгілік  оқу жоспарлары  (2018  жылғы  4  қыркүйектегі  №  441  бұйрығымен  өзгерістер  мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы 3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Бастауыш  білім  берудің  жалпы  білім беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  («Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша 2016  жылғы  8  сәуірдегі  №  266  бұйрығымен  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  (2018  жылғы  10  мамырдағы  №199 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы 12  қазандағы  №  564  бұйрығымен  бекітілген  Бастауыш,  негізгі  орта  және жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;

   «ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  кейбір  бұйрықтарына  өзгерістер мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;

  Тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын бекіту  туралы»  2018  жылығы  №  595  30  қазандағы  ҚР  Білім  және  ғылым министрлігінің бұйрығы;

5-11-сыныптарда  білім  беру  процесі  келесі  құжаттар  негізінде  жүзеге асырылады:

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы 31  қазандағы  №  604  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  берудің мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  (2020  жылғы  5  мамырдағы  №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы 31  қазандағы  №  604  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  берудің мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  (2020  жылғы  5  мамырдағы  №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  8 қарашадағы  №  500  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім берудің  үлгілік оқу  жоспарлары  (2018 жылғы  4  қыркүйектегі  № 441  бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  8 қарашадағы  №  500  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім берудің  үлгілік  оқу  жоспарлары  (2019  жылғы  15  мамырдағы  №  205  бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы 3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  берудің  жалпы білім  беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  (2017  жылғы  25қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы   3  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы білім  беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  (2017  жылғы  3  сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  (2019  жылғы  7  наурыздағы  №105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  берудің  жалпы  білім беретін  пәндерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  (2014  жылғы  15  шілдедегі  №281  бұйрықпен  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  пәні  бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  жалпы  білім  беретін  пәндері  бойынша негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары  (2020 жылғы 21 сәуірдегі №154  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша енгізілген өзгерістермен»);

   «ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  кейбір  бұйрықтарына  өзгерістермен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  жалпы  білім  беретін  пәндердің  үлгілік оқу  бағдарламалары  (2015  жылғы  18  маусымдағы  №  393  бұйрықпен  соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы бекіткен №595 бұйрығы;

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  «Арнаулы білім  беру  ұйымдары  түрлері  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы

  «Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және қорытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18 наурыздағы  №  125  бұйрығы  (2018  жылғы  25  қыркүйектегі  №  494  бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2020  жылғы 12  тамыздағы  «Орта  білім  беру  ұйымдарында  2020  -  2021  оқу  жылының басталуын,  ұзақтығын  және  каникул  кезеңдерін  айқындау  туралы»  №  340бұйрығы;

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 13  тамыздағы  «Короновирустық инфекцияның  таралуына байланысты шектеу шаралары  кезеңінде   білім  беру  ұйымдарында  оқу  процесін  іске  асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 345 бұйрығы;

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы  «Білім  берудің  барлық  деңгейінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім беру  стандарттарын бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрінің  2018  жылғы  31  қазандағы  №  604  бұйрығына  өзгерістер енгізу туралы» № 372 бұйрығы;

  Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 28  тамыздағы  «Орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім беру  ұйымдары  үшін  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік  қағидаларын бекіту  туралы»     Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 373бұйрығы;

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру  қағидаларын  бекіту  туралы»     Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 374 бұйрығы.

Бастауыш сатыда

Вариативтік компонент

Бастауыш білім беруде

Таңдау бойынша сабақтар

1.логика әлемі – 1 сағ (2-4 сыныптар)

  Логика әлемін оқытудың мақсаты –оқушылардың математикадан интеллектуалды және шығармашылық  мүмкіндіктерін қалыптастырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ,іздемпаздыққа  және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру

           Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар

1.логика әлемі                                                               1 сағ (1 сыныптар)

2.қызықты грамматика                                                  1сағ (3-4-сыныптар)

2.көркем жазу                                                                         1сағ (1- сыныптар)                                                                                                3.шешендік өнер                                                                     1сағ ( 3,4 сыныптар)

4.Ақпараттық мәдениет негіздері                                         1сағ (2 сыныптар)

Көркем жазу-оқушыларды сауаттылыққа ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін жетілдіру және   ауызша айтқандарын жазу арқылы каллиграфия ережелерін сақтап жазуға үйрету.

           Шешендік өнер – оқушыларды тереңірек оқуға, сауатты жазуға, негізгі тілдік ұғымдарды жете білуге талпынатын  дара тұлға тәрбиелеу.

Ақпараттық мәдениет негіздері-оқушының логикалық және  алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру, әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін,ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Қызықты грамматика-оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыта отырып, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Бағдарлама Авторы бастауыш  мұғалімі Шотыбасова Л.А.

Негізгі сатыда

Элективті курстар  

  1. Сөз өнері -                                  1 сағ (5,6 сыныптар)
  2. Математикалық логика 1 сағат (5,6,8,9 сыныптар)
  3. Зайырлылық және дінтану негіздері 1 сағ. (9 сыныптар)
  4. Бастапқы химиялық ұғымдар ағылшын тілінде 1сағ(8 сыныптар)

5.Абайтану                                                 1сағ (9 сыныптар)

6.домбыра                                                  1сағ (6-сыныптар)

7.робототехника                                         1сағ(7сыныптар)

 «Сөз өнері» курсының  мақсаты - өз елін            сүйетін, тілін қүрметтейтін, әрбір жас жеткіншек үшін өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, түрлі ырымдарын, ән-жырларын, қол өнерін, халық даналарының ұлағатты нақыл сөздерін кеңінен біліп, шешендік сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Зайырлылық және дін тану негіздері 9 сыныптарда аптасына 1 сағат Қазақстан республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралары туралы» 2000 жылғы 10 ақапанындағы № 332 Жарлығын іске асыру үшін және оқушылардың дін туралы саяси мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында өтіледі.

          Математикалық логиканы оқытудың мақсаты – логикалық ойлау қабілетін, қарсы пікір құрастыра білу, математиканы тереңдетіп оқыту. Бұл бағдарлама математикадан терең және тиянақты білім алуға, ғылымның келелі мәселелерін байымдауға жол ашады.Осы талаптарды жүзеге асыру оқушылардың ой-өрісін,танымдық,логикалық ойлау қабілеттілігін, шығармашылық іздемпаздығын, математика пәніне қызығушылығын арттыруға негізделген.Бағдарлама  авторы Турсынова О

             «Абайтану» факультативтік курсының бағдарламасы оқушылардың Абай шығармалары арқылы дүниетанымын кеңейту, жан дүниесін байыту, Абай шығармаларының қуаты мен тәлімдік мәнін таныту мақсатында жасалды. Абайтану ғылымы ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелері жас ұрпақтың білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.

Бастапқы химиялық ұғымдар ағылшын тілінде- химиялық ұғымдарды ағылшын тілінде меңгерте отырып,оқушының коммуникативті біліктілігін арттыру

Робототехниканы оқытудың  мақсаты—жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика,физика,информатика және т.б пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып,робот техникасы,инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді. Бағдарлама  авторы Мұрат А

Домбыра-оқушыларға әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,домбыра үйрету және өнерге деген ынтасын арттыру.Өзінің тілін,діні,дәстүрін,өнерін,әдет-ғұрпын құрметтеп,өз елін,туған жерін,атамекенін сүйетін азамат тәрбиелеу.

Жеке және топтық жұмыстар

  1. Қызықты математика 1 сағ (5 сыныптар)
  2. Жол сақшысы 1сағ (6 сыныптар)
  3. Жас сарбаз 1 сағ (7,8 сыныптар)
  4. Информатика және ағылшын 1 сағ (9 сыныптар)

5.сөз өнері                                                 1 сағ (9 сыныптар)

             Қызықты математика                          оқытудың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,  тиімді  математикалық  әдістермен логикалық есептерді шығара білуге     үйрету. Бағдарлама авторы математика пәнінің мұғалімі Турсынова О .

Жол сақшысы-оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып және осы үйренген жол ережесін күделікті өмірде қолдана отырып ,қауіпсіздік техника ережелерін сақтай білуге үйрету

Жас сарбаз-жауынгерлік салт-дәстүрлерді құрметтеусаптық қозғалыспен жүру дайындығын машықтандыру

Информатика және ағылшын- информатиканы  ағылшын тілінде меңгерте отырып,оқушының коммуникативті біліктілігін  және сауаттылығын арттыру               

10,11- сыныптың оқу жоспары

10-сыныптарда жаратылыстану-математика  бағыты мен  физика,география бейіні  бойынша жалпы орта білім берудің  оқу жоспары бойынша оқытылады.

Таңдау пәндері

Тереңдетілген деңгей

1.физика                                                4 сағ

2.география                                           4 сағ

Стандарттық деңгей

1.Дүние жүзі тарихы                           2 сағ

Жеке және топтық сабақтар

1.Математикалық сауаттылық            1 сағ (10,11 сыныптар)

2.Дифференциалдық есептеулер        1 сағ (10 сыныптар)

3.Далалық оқу жиыны                      1сағ(10 сыныптар)

4.Химия негіздері                             1сағ (10,11 сыныптар)

5.Микробиология                              1сағ (10,11 сыныптар)

6.дебат                                                1сағ (10 сыныптар)

7.интегралдық есептеулер                   1сағ  (11 сыныптар)

8.оқу сауаттылығы                              1сағ (11 сыныптар)

  1. Физика және есептер жинағы 1 сағ (11 сыныптар)

 

 

-Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында ер балалармен бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі.

-Құқықтану негіздері  курсының мақсаты:оқушыларды мемлекет,құқық,құқық жүйесімен таныстыру;құқықтық нормаларды талдау мүмкіндіктерін қалыптастыру;    

-Математикалық сауаттылық  курсы-оқушыларға математикалық мәдениет,ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы-әртүрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды,тиімді ұйымдастыру және басқару    

- Дифференциалдық есептеулер курсы- математика пәні мазмұны ғылыми жетістігіне сай болып, оны түсініп қолдануға және де басқа ғылымдарды жәй ғана меңгерту емес, жеке тұлғаның интеллектуалдық қорын ұлғайту.    Бағдарлама авторы Математика пәнінің мұғалімі Турсынова О 

              -Интегралдық есептеулер-оқушылардың математикалық мәдениетін және шығармашылық қабілетін математикалық базалық білімдегі олқылықтарды түзету негізінде қалыптастыру; оқушылардың зияткерлік дамуын, логикалық ойлау,салыстыру, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру; есеп шығарудың тиімді тәсілдерін және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту. Бағдарлама авторы математика пәнінің мұғалімі  Хафизова А.Ш.

 -Физика және есептер жинағы оқытудың мақсаты- есеп шығару арқылы оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту және қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер негізінде есеп шығаруды үйрету .Бағдарлама авторы физика пәнінің мұғалімі Абдыгалиева Г.М

-Оқу сауаттылығы-оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу,мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу  

 

1)  Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған    бастауыш білім беру процесі:

Бастауыш сатыда

Вариативтік компонент

   Көркем жазу:    1сағ(1-4сынып)

  Логика:            1сағ(1-4 сынып)

  Қызықты граматика: 1сағ(1,3,4 сынып)                                               

1.Көркем жазу-оқушыларды сауаттылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін жетілдіру және   ауызша айтқандарын жазу арқылы каллиграфия ережелерін сақтап жазуға үйрету.

  1. Логика әлемін оқытудың мақсаты –оқушылардың математикадан интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ,іздемпаздыққа  және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру
  2. Қызықты грамматика-оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыта отырып, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Түзету компоненті:

Түзету ырғағы: 1сағ(1-4сынып)

Айналамен танысу:2сағ (1-сынып)  

Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету .3сағ(1-4сынып)

 Білімдерінде жетіспеушілігін  жетілдіруге арналған жеке түзету сабақтары 4сағ(1-4сынып)

 Белсенді қозғалуға бағытталған жеке және топтық сабақтсар .1сағ(1-4 сынып)

1.«Түзету ырғағы» пәнінің міндетті түрде енгізілуі балаларың сөйлеу қабілеттілігіндегі ауытқушылықтарды жеңу және жүріс-тұрысын дамытуға арналған және кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру, келбет-мүсінін жөндеу қажеттілігінен туындаған.

2.«Айналамен танысу және тіл дамыту» курсы баланың қоршаған орта туралы мектепке дейінгі балалық шағында жинақталған білімін дамытуға бағытталған. Берілген курс бойынша оқытуға, оқушының көзбен көру, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, жалпы интелектуальдық шеберлігін қалыптастыру (сараптау, салыстыру, топтау, жалпылау, жинақтау) кіреді.

3.«Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін анықтап,зерттеу және осындай кемшіліктерді әр түрлі тәсілдермен: артикуляциялық жаттығулар(атша,сылақшы,алтыбақан,тәтті тосап т.б), тыныс алу жаттығулары (пілше,бақа)түзету.

4.Білімдерінде жетіспеушілігін  жетілдіруге арналған жеке түзету сабақтары. Пәнінің міндетті түрде енгізілуі балаларың сөйлеу қабілеттілігіндегі ауытқушылықтарды жеңу және жүріс-тұрысын дамытуға арналған және кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру, келбет-мүсінін жөндеу қажеттілігінен туындаған.

2)Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған          5-9 сыныптарға білім беру процесі:

     Вариативтік компонент

Ақпараттық мәдениет негіздері   1 сағат( 6,9 сыныптар

Дойбы                                             1 сағат(9 сыныптар) 

 Сөз өнері                                       1 сағат( 5,6,7 сыныптар)

 Дәстүрлі емес сурет салу             1сағат( 5,6 сыныптар)

 Емдік дене  шынықтыру               1 сағ (5,6,7,9 сыныптар)

      Ақпараттық мәдениет негіздері-оқушының логикалық және  алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру, әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін,ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

«Дойбы» ойынының оқыту  оқушыларға дойбы ойынын толығымен үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын  ұстануға тәрбиелеу

«Сөз өнері» курсының  мақсаты - өз елін сүйетін, тілін қүрметтейтін, әрбір жас жеткіншек үшін өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, түрлі ырымдарын, ән-жырларын, қол өнерін, халық даналарының ұлағатты нақыл сөздерін кеңінен біліп, шешендік сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дәстүрлі емес сурет салу  кеңістікті бақылауды қалыптастыру, келбет-мүсін жөндеу қажеттілігінен туындаған. Жеңіл суреттер салғызу.

«Емдік дене шынықтыру» курсында оқушының қимыл-қозғалыс, жүріс-тұрыс, сөйлеу қабілеттеріндегі ауытқушылықтарды жеңу, кеңістікті бақылауды қалыптастыру, келбет-мүсін жөндеу қажеттілігінен туындаған. Жеңіл гимнастикалық жаттығулар жасату.

Түзету компоненті:

Әлеуметтік –тұрмыстық бағдарлау. 2 сағ (5,6,7,9 сыныптар)

Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету. 2 сағ (5 сыныптар)

«Әлеуметтік тұрмысқа баулу» курсын оқыту мақсаты оқушылардың қоғамда, тұрмыста өзімен-өзі өмір сүруге икемделуін, дайындығын, өмірлік міндетін қалыптастыруға практика жүзінде бағыт беру.

«Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін анықтап,зерттеу және осындай кемшіліктерді әр түрлі тәсілдермен: артикуляциялық жаттығулар(атша,сылақшы,алтыбақан,тәтті тосап т.б), тыныс алу жаттығулары (пілше,бақа)түзету.

 

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Агедилова А.Т